Новости
Физикадан мұғалімдердің республикалық олимпиадасының нәтижесі
Ресейде өткен мұғалімдер мен оқушылардың халықаралық шығармашылық байқауының нәтижесі
2016 жылдың 28 қарашасы мен 18 желтоқсан аралығында Ресейде өткен мұғалімдер мен оқушылардың xалықаралық шығармашылық байқауына физика пәні бойынша қатысып, жүлделі І орынды иеленген мектебіміздің 11-сынып оқушысы Жолдас Асылан, жетекшісі физика пәнінің мұғалімі Жумадилов Ержан
Жарқын болашақ олимпиадасы
Новые фотографии были добавлены в альбом Жарқын болашақ олимпиадасы.
"Жарқын болашақ" республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі
Мектебімізде ұйымдастырылып жатқан "Жарқын болашақ" республикалық олимпиадасының облыстық кезеңіне Жамбыл облысынан 246 оқушы қатысуда.
Жарқын болашақ” республикалық KATEV қазақ тілі олимпиадасы 5 бағыттан тұрады. Олимпиадада қазақ тілі грамматикасы, қазақ әдебиеті, мәнерлеп оқу, қазақ әндерін орындау, қазақ ақын-жазушыларының шығармаларын насихаттау және қазақ халқының ұлттық құндылықтарына қатысты түрлі ғылыми жобалар қорғау секілді бағыттар қамтылған.
Ашу дұшпан ақыл дос
Мектебіміздегі "Өзін өзі басқару" ұйымының президенті, 11-сынып оқушысы Жүзімхан Әділхан Қазақстан Тараз телеарнасының "Қайырлы таң, Әулие ата!" бағдарламасында қонақта болды.
Ашу дұшпан ақыл дос
Қазақстан Тараз телеарнасының Қайырлы таң, Әулие ата! бағдарламасында мектебіміздің психологы Бесбаева Эльвира қонақта болды.
Сүйінші жаңалық!
Қонағымыз - Аманғали Сыпабеков
Бүгінгі кешкі кездесу оқушыларымыз үшін де мұғалімдер үшін де қызықты Әрі күлкілі өтті. Бізге атбасын бұрып келген "Базар жоқ" көңілді тапқырлар театрының актері, пародист Аманғали Сыпабеков қонақта болды.
#кешкікездесу #аманғали_сыпабековпен_кездесу
#taraz_bilim_innovation_school
#тараз_білім_инновация_лицейі
Kazakhstan Robotics Challenge 2017 олимпиадасының нәтижесі
Қуанышты хабар достар! Елордамыз Астанада өткен Kazakhstan Robotics Challenge олимпиадасында оқушыларымыз ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАР иеленді.
АЛТЫН: Қабарбек Исағали
Расылбек Тамирлан
КҮМІС: Нұрғазы Темірлан
Егембердиев Жәнібек
ҚОЛА: Сағділда Еркін
Смайыл АлдиярОҚУШЫЛАРЫМЫЗДЫ ЖЕҢІСТЕРІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Туған мектепке тағзым
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Туған мектепке тағзым!» атты облыстық акциясының аясында бүгін лицейіміздің 2000 жылғы түлегі, USTUDY аймақтық тестілеу орталығы желісінің бас директоры – Жанат Рахманимен кездесу өтті. Кездесу жиынының соңында Жанат Рахманұлы өзі білім алып, ұлағатты ұстаздарының тәлімі мен тәрбиесін көрген алтын ұя білім ордасына робот жасауға арналған «Lego Mindstorms Education EV3» модельді заманауи технологиясының 4 данасын табыс етті.
Дарынды жастар - ел болашағы
2017 жылдың 22-28 қаңтар күндері Жапонияның Токио қаласында «Сакура» ғылыми алмасулар бағдарламасы аясында өткен оқу-жаттықтыру жиынына Қазақстанның 10 оқушысынан тұратын топ қатысып, жетекші ғалымдардың лекцияларын тыңдады, заманауи зертханалардың қызметімен танысты.
Лицейіміздің физика пәнінен халықаралық олимпиадалардың 6 дүркін, республикалық олимпиадалардың 5 дүркін жеңімпазы, 2016 жылдың шілде айында Швейцария мемлекетінің Цюрих қаласында өткен 47-ші Дүниежүзілік физика олимпиадасында қола медаль иегері атанған 11-сынып оқушысы Абрашұлы Айвар да Еліміздің дарынды жастарының өкілі ретінде аталған бағдарламаға қатысып, «Сакура» ғылыми клубының мүшесі деген сертификатты иеленді.
Кешкі кездесу
Лицейіміздің 200 жылғы түлегі Шымкент қаласындағы ВТБ Банкінің директоры Ибраимов Рамазанмен кешкі кездесу ерекше болып өтті. "Бизнесмен боламын" деген баланың Рамазан белін буып берді". Кездесуде 9, 10-сынып оқушыларымен іскерлік қарым-қатынас құру, ондағы ескерілетін жайттар туралы ойлар талқыланды. Сондай-ақ, Рамазан өзінің бүгінгі күнгі қол жеткізген жетістіктері туралы айтып, тәжірибесімен бөлісті.
Білімді мыңды жығар
2017 жылдың 4-10 ақпан аралығында Оңтүстік Кореяның Дэджон қаласында өткен Халықаралық «Жас ғалым» атты ғылыми жоба байқауында лицейіміздің 10-сынып оқушысы Нұржасаров Қорған "Проектирование автономного робота для развития информационной базы робототехники в средних школах" тақырыбындағы жобасын ағылшын тілінде қорғап, І орынға ие болды. Қорған өз жобасы арқылы елімізде робототехника саласының дамуына өз үлесін қосуда. Жас ғалымға биік шыңдардан көрінуді тілейміз.
Қарттарым – асыл қазынам
«Өзін-өзі тану – махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты өзін өзі тану пәнінің онкүндігіне орай лицейіміздің оқушылары қарттар үйіне «Қарттарым – асыл қазынам» атты концерттік бағдарлама өткізді.
Мақсаты: оқушыны бойына халқымыздың асыл қадір-қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлай білуге, өз ата бабасын ұмытпай есте сақтау үшін және салт-дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, мейірімділікке, жаман мен жақсыны ажырата білуге, аталы сөздер ғибрат алуға тәрбиелеу.
SAT емтиханынан ЕҢ ЖОҒАРҒЫ КӨРСЕТКІШ
Лицейіміздің 11-сынып оқушысы Абрашұлы Айвар Халықаралық #SAT_subject_test емтиханынана қатысып математикадан 800, физикадан 800 бал жинады. БҰЛ ЕҢ ЖОҒАРҒЫ КӨРСЕТКІШ. Лицейіміздің осындай жетістіктері еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналады.
13 Халықаралық жасөспірімдер арасында ғылыми олимпиада нәтижесі
Индонезия елінде өткен 13 Халықаралық жасөспірімдер арасында ғылыми олимпиададан лицейіміздің 10-сынып оқушысы Жұмаxан Санжар ІІІ орын иемденді.
Ұстаз - ұлы есім
Кәсіби шеберлігі мен өскелең ұрпақты тәрбиелеуде қосқан үлесі үшін мектеп-интернат директоры Аxмет Гази Чолак "Отличник образования" медалімен, директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Орманбекова Асет "Д.А. Қонаев" орденімен марапатталса, физика пәнінің мұғалімі Жумадилов Ержан "Халықаралық экология және инженерия ғылым академиясының" мүшесі атанып, Қ. И. Сәтбаев орденімен марапатталды.