• Новости

  • Новости

            • Білім басқармасы

            • Новые фотографии были добавлены в альбом Білім басқармасы.

              2018 жылғы 3 наурыз күні «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламалық мақаласы аясында мектеп-интернатымызға «Рухани жаңғыру» кабинеті ашылды. Мектеп-интернат ұжымын және оқушыларын Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының басшысы Тұрмаханбетова Рахия Сейітбекқызы құттықтады. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғырудың» біз барынша мән беріп, берік байлам етіп ұстар алты бағыты бар екенін білеміз. Осы бағыттар бойынша біздің мектеп-интернатты ауқымды іс-шаралар жүзеге асуда. Ал бағдарламада көрсетілген таяу жылдардағы міндеттерді жүзеге асыру үшін белгіленген жобалары бойынша бірқатар жұмыстар қолға алынды. Жыл бойы осы жұмыстар жалғасын таба береді. Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының басшысы Тұрмаханбетова Рахия Сейітбекқызы мектеп-интернат базасымен танысып, сабақтардың жүргізілу үдерісін көрді. Республикалық, халықаралық, дүниежүзілік олимпиадалардың жеңімпаздарымен кездесіп, сұхбаттасты. Мектеп-интернаттың жетістіктерін айта отырып, "білімнің салтанат құрған мекені" деп, ерекше мән берді.

            • Ғ.Мұратбаев мектеп

            • Новые фотографии были добавлены в альбом Ғ.Мұратбаев мектеп.

              2018 жылғы 28 ақпан күні мектеп-интернаттың 2017-2018 оқу жылына арналған «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ң тәжірибесін оқу үдерісіне енгізу және тарату шараларының қадамдық іс-қимыл жоспарына сәйкес жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқытуды тиімді жоспарлаудың және ұйымдастырудың технологиялық құралдары туралы, оқушылардың коммуникативтік және танымдық құзіреттілігін дамытудағы үш тілде білім берудің ролі туралы Байзақ ауданындағы Ғ.Мұратбаев атындағы мектеп-гимназиясының директорымен және мұғалімдерімен кәсіби әңгіме өткізілді.

            • Алғыс айту күні

            • Новые фотографии были добавлены в альбом Алғыс айту күні.

              1 наурыз – елімізде тұрып жатқан барлық этнос бір-біріне ризашылығын айтатын күн. Әсіресе қиын-қыстау заманында жер аударып келген түрлі ұлт өкілдері шыдамдылық танытып, ерекше қонақжайлылығын көрсеткен қазақ жұртына алғыстарын білдіретін күнді біздің мектеп-интернат жұрты ерекше тойлады. Мереке барысында директор мырза мен оқу-іс жөніндегі орынбасары құттықтап, өз тілектерін білдірді.

            • Білім беруде ҰБТ-ның нәтижесін жоғарлату

            • Новые фотографии были добавлены в альбом Білім беруде "ҰБТ"-ның нәтижесін жоғарлату.

              Бүгін мектеп-интернатымызда жалпы орта білім беретін мектептерде мектеп бітірушілердің қорытынды аттестаттау мен ҰБТ-ге дайындығын жақсарту мен оқыту сапасының деңгейін арттыру және әдістемелік көмек көрсету ҰБТ нәтижесінде 65%-тен төмен орташа балл көрсеткен мектептердің директорлары мен орынбасарлары және математика, физика, биология пәндерінің мұғалімдеріне арналған «Білім беру мен оқытудағы өзгерістер – білім берудің тиімділігін қамтамасыз етудің негізі» тақырыбында облыстық шеберлік сыныбы өткізіліп, іс-шараға барлығы 163 педагог қызметкер қатысты. Іс-шараға қатысушылар мектеп бітірушілердің қорытынды аттестаттау және ҰБТ-ге дайындығы, ҰБТ-ге дайындаудың тиімді жолдары бойынша әдістемелік көмектер алды, білім сапасын арттыру бағытында шеберлік сыныптар, коучингтер мен тәжірибелік сабақтарға қатысып, тәжірибе алмасты.

            • Облыстық драма театрының актерлері қонақта

            • Новые фотографии были добавлены в альбом Облыстық драма театрының актерлері қонақта.

              Мектебімізге облыстық драма театрының актерлері қонақта болды. Қонатар қатарында Самыкова Нұрсифат Рахымбайқызы ҚР мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құнанбай» фильмінің Зере рөлін сомдаушы. Қыпшақова Гүлшат Несіпжанқызы «Айша бибі», «Батыр Баян» секілді бірқатар фильмдерде рөл сомдаған. ҚР мәдениет қайраткері Омарбекова Несіпкүл «Бақсы», «Амал нешік, Сібір» секілді шет елдік кинотуындыларға қатысқан. Оразалиев Руслан , Жамбыл драма театрының алдыңғы қатарлы актері. Қонақтарға оқушылармен өз пікірлерін бөлісті. Біздерге келіп саналы ой толғатқандарыңызға алғыс білдіреміз!

            • Фихика пәнінен сабақтан тыс

            • Новые фотографии были добавлены в альбом Фихика пәнінен сабақтан тыс.

              Физика пәні мұғалімі Ажибаев Жамбыл, 7 с сыныбына сабақ уақытынан тыс "Robotic arm" жасау тапсырмасы берілген, жарыс барысында 5 минут ішінде бастапқы орыннан белгіленген орынға "Robotic arm" арқылы көтеріп қою. Жетістікке біраз оқушы қол жеткізді.

      • Контакты

        • Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" лицей-интернаты
        • tarazktl@gmail.com
        • +7 (7262) 45-14-15
        • Сүлейменов, 19
          Тараз / Қазақстан
          Kazakhstan
    • Фотогалерея

      • еще нет данных для отображения