• Новости

  • Новости

          • Дарынды жастар - ел болашағы
            • Дарынды жастар - ел болашағы

            • Дарынды жастар - ел болашағы.
              Кезекті Халықаралық Менделеев олимпиадаcынан Серік Нұрасыл (11-сынып) - күміс медаль, Жанысбай Бекзат (10-сынып) - қола медаль иемденіп Қазақстанның атағын қорғады.
              Астана қаласында 23-30.04.2017 аралығында өткен 51-і Халықаралық Менделеев олимпиадаcына (ХМО, International Mendeleev Olympiad, IMO) жалпы саны 22 құрама команда қатысты. Олардың ішінде Ресей, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Болгария, Венгрия, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Латвия, Литва, Молдова, Румыния, Сауд Арабия, Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстан, Украина, Түркия, Нигерия, Монғолия, Израиль мемлекеттерінің ұлттық химия олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері бар. 
              Олимпиада үш кезең бойынша өтті: екі кезең теориялық және біреуі практикалық кезең.
              Жеңімпаздарға басты жүлделерден бөлек Ресейдің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының бірінші курсына емтихансыз қабылдануына мүмкіндік берілді. 

          • Жас роботехниктеріміз World Robotics Olymiad республикалық кезеңіне жолдама алды
            • Жас роботехниктеріміз World Robotics Olymiad республикалық кезеңіне жолдама алды

            • 29.04.2017. 
              Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өткен WRO кезекті робототехника олимпиадасының облыстық кезеңіне мектебімізден 5 команда қатысып, 4-і жүлделі орын иеленді. «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейіміздің намысын қорғаушылар: 
              Смайл Алдияр, Расылбек Тамерлан, Сағаділдә Еркін, Ақпар Азамат - I орын, 
              Нұрғазы Темірлан, Аскаров Бекзот - II орын, 
              Садвакасов Әлібек, Рысбаев Мерей - III орын иеленді. 
               Жігіттерді жеңістерімен құттықтаймыз!

          • Жас ғалымдар тағы да сынға түсті
            • Жас ғалымдар тағы да сынға түсті

            • Мектеп-интернатымыздың 9-сынып оқушылары - Марғұлан Берікболсын мен Бейсенбай Әлнұр, 10-сынып оқушылары - Болыс Жарас пен Есжанов Жігер ағылшын тілінде Алматы қаласында өткен "World Schоlar's Cup" атты білім додасына қатысып, бірнеше медальді қоржынға салып, өздерінің ақыл-білімін көрсетті. Нәтижесінде Кейптаун, Афины, Ханой қалаларында өтетін байқаудың әлемдік деңгейіне жолдама алды. Құттықтаймыз!!! Бәсекеге қабілетті дарындыларымыз көп болғай!!!
              #theworldscholarscup #жас_полиглоттар #тараз_білім_инновация_лицейі #almatyround

          • Как изменились условия поступления в бывшие казахско-турецкие лицеи
            • Как изменились условия поступления в бывшие казахско-турецкие лицеи

            • Под конец учебного года многие задумываются о том, где учиться дальше. В этот период подыскивают школы для дальнейшего обучения те, кто хочет перевести свое чадо из другого учебного заведения. Буквально в ближайшее время начинаются вступительные экзамены для учеников шестых классов, которые хотели бы учиться в лицеях «Білім-инновация». 
              Корреспонденты NUR.KZ решили узнать, поменялись ли требования к ученикам и условия для поступления в эти лицеи, после ребрендинга – в прошлом году, напомним, казахско-турецкие лицеи сменили свои название на «Білім-инновация». 

              Как выяснилось, за двадцать пять лет существования лицеи выпустили около 23 тысяч школьников. 

              Примерно такое же количество учеников ежегодно пытается поступить в лицеи, например, как корреспонденту нашего портала сообщил президент фонда «Білім-инновация» Дархан Оте, в прошлом году вступительные экзамены сдавали 25 тысяч человек. 

              Из них только 1863 учеников прошли отбор, который осуществляется в два этапа. Таким образом, конкурс был достаточно высок – 14 человек на место. Так, для поступления в лицеи ученики сдают экзамен по четырем предметам – математика, логика, казахский язык и история Казахстана. 

              Все предметы сдаются дважды – на первом и втором туре, но во второй тур проходят те ученики, кто набрал высшие балы по итогам первого этапа. На 60 вопросов в первом туре дается 100 минут времени, а во втором – 120 минут на решение 75 вопросов. 

              Так, уже 30 апреля начнутся вступительные экзамены в лицеи, как сообщили нам представители фонда. 21 мая пройдет второй этап, который определит лучших учеников. 

              Как отметили представители фонда, предметы естественно-математического цикла и информатика ведутся на английском языке. 

              При этом многие учебники лицеи выпускают самостоятельно, а авторами являются учителя, которые обязательно регулярно проходят дополнительное обучение. 

              "На многих городских, республиканских и международных предметных олимпиадах ученики лицеев «Білім-инновация» занимают лидирующие позиции. За 25 лет учащиеся лицеев завоевали 17720 медалей на олимпиадах и конкурсах научных проектов. Только за 2016-2017 учебный год на областной олимпиаде ученики лицеев завоевали 855 призовых мест, на республиканской олимпиаде 246 призовых медалей", - отметил Дархан Оте. 

              Источник: Nur.kz

          • ЖАС ҒАЛЫМ
            • ЖАС ҒАЛЫМ

            • 13-15 сәуір аралығында Алматы қаласында өткен «INFOMATRIX» Халықаралық ғылыми жобалар жарысынан мектеп-интернатымыздың 11-сынып оқушысы ЖАМАНҚҰЛОВ ХАМЗА (ІІ орын) күміс медаль иеленді. Еліміздің жаһандану, жаңғыру кезеңінде жаңалықтардан қорықпай, еңбектенудің нәтижесінде биік белестерден көрінуіне тілектеспіз.

          • Наурыз мейрамы
            • Наурыз мейрамы

            • Тамырын тереңнен тартқан Наурыз мейрамы – береке мен бірліктің. Тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, риясыз шаттық пен қуанышқа кенелтер ұлы мереке. 
              Бұл шаттыққа толы мерекеге орай мектебімізде концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, дәстүрлі әндер шырқалып, айтыстан көріністер көрсетіліп, ұлттық ойындар ойнатылып, дүйім жұртқа наурыз көже таратылып, Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына 25 бүлдіршіннің тұсауы бір мезетте кесілді. 
              Ұлыс оң болсын, ағайын!

          • Дарынды жастар - ел болашағы
            • Дарынды жастар - ел болашағы

            • Павлодар қаласында 2017 жылғы 11-13 сәуір күндері өткен білім додасында Қазақстанның 9 аймағынан, Ресей Федерациясының Новосібір, Омбы ққ., Татарстан және Саха (Якутия) Республикаларынан құрамында 68 оқушы бар 19 команда бақ сынасты. 
              Химия олимпиадасы Павлодар облысының тумасы, қазақтың көрнекті ғалымы, Қазақстанның химия ғылымы негізін қалаушы академик Әбікен Бектұровтың құрметіне үшінші жыл өткізіліп отыр.
              Ә.Бектұров атындағы ІІІ Халықаралық химия олимпиадасының қорытындысы бойынша лицейімізден қатысқан,
              Серік Нұрасыл – І орын,
              Жанысбай Бекзат – ІІ орын,
              Айтмахамбет Әділжан – ІІІ орын иеленді.
              Жеңісімізбен құттықтаймыз!

          • Тілшілер келді
            • Тілшілер келді

            • 5.04.2017. Мектеп-интернатымызға жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының Республикалық кезеңінің қорытындылары туралы ақпарат жинақтау үшін облыстық телеарналардың, "ЖАС ДАРЫН" ғылыми-танымдық журналы мен Республикалық "Хабар 24" телеарнасынан, облыстық "77" арнасынан тілшілер келді. Түрлі білім додаларында Қазақстан абыройын асқақтатып жүрген ұландарды даярлайтын білім ордасы көріп, ұстаздармен сұхбаттасып, жетістікке жету жолдарымен танысты.
              Республикалық олимпиадада күллі қазақ даласының өкілдері жиылған алқалы топтың алдында бұған дейін де түрлі деңгейдегі білім додаларына қатысып, білім байқауларынан қалыс қалмайтын оқушыларымыздың жұлдызды сағаты соқты. Аянбай еңбек еткен ұстаздардың үміті ақталды.

               

          • ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫНА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ!
            • ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫНА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ!

            • Құрметті, ата-аналар! ‼️‼️‼️
              Тараз "Білім-инновация" лицейіне (ҚТЛ) түсу емтиханына тіркелу уақыты басталды. 
              Тіркелу уақыты 01.04.2017 - 29.04.2017 аралығында болады.
              Қажетті құжаттар тізімі:
              ✅емтиханға қатысу үшін ата-ананың өтініші; 
              ✅оқушының туу туралы куәлігінің түп нұсқасы және оның көшірмесі; 
              ✅ата-анасының жеке куәлігінің түп нұсқасы және көшірмесі.
              ⏰Жұмыс уақытымыз:
              Дүйсенбі - Жұма 09:00 - 17:00, 
              Сенбі күні 09:00 - 12:30 арасы. 
              Түскі ас үзілісі 13:00 - 14:00 арасы.

              Уважаемые родители! ‼️‼️‼️
              Началась регистрация для поступления в Тараз " Билим инновация" лицей (КТЛ).
              Регистрация будет проходить с 1.04.2017 до 29.04.2017. 
              Перечень документов: 
              ✅заявление родителей,
              ✅свидетельство о рождении оригинал и копия, ✅удостоверение личности родителей оригинал и копия.
              ⏰Время работы: 
              понедельник- пятница 09:00-17:00; 
              суббота 09:00-12:30. 
              Обеденный перерыв 13:00-14:00.

          • Ақтауда өткен Республикалық олимпиада нәтижесі
            • Ақтауда өткен Республикалық олимпиада нәтижесі

            • 21-24.03.2017 жыл аралығында Ақтау қаласында өткен қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы Республикалық олимпиадаға лицейіміздің 10-сынып оқушысы Такенов Диас ағылшын пәні бойынша қатысып, І орын, яғни "АЛТЫН" иеленді.

      • Контакты

        • Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" лицей-интернаты
        • tarazktl@gmail.com
        • +7 (7262) 45-14-15
        • Сүлейменов, 19
          Тараз / Қазақстан
          Kazakhstan
    • Фотогалерея

      • еще нет данных для отображения