Канада еліндегі "Торонто" университеті ұйымдастырған биология пәнінен кезекті Халықаралық қашықтық олимпиадасы өтті. Олимпиадаға Канада мемлекетінің қатысушыларын есепке алмағанда, басқа мемлекеттердің 86 мектебінен 1376 оқушы қатысқан. Қатысушылар арасында біздің «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-интернатының оқушылары қатысып, 10-сынып оқушысы Тұртемір Әділет (биология пәнінен 2017, 2018 жылғы Республикалық олимпиадалардың алтын медаль иегері, 2018 жылдың шілдесінде Иран астанасында өтетін дүниежүзілік биология олимпиадасына үміткер) ең жоғары нәтиже көрсеткен алғашқы 10 оқушының қатарынан көрінді. Нәтижесінде мектеп-интернатымыз 2017 жылғы көрсеткіш бойынша халықаралық деңгейдегі алғашқы 15 мектептің 6 орнында тұрса, биылғы көрсеткіш едәуір қуанарлық. Себебі, 10 үздік мектептердің арасында 5 орында тұр. Тараз «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-интернаты алдындағы 4 мектеп: 1. Томас Джефферсон мектебі, (Солтүстік Вирджиния, АҚШ); 2. Юс Элайт Эдукейшн, (Раритан, Нью-Джерси) 3. Математика және ғылым НУС мектебі, (Сингапур) 4. Рич мектебі, ( Баскинг Ридч, Нью-Джерси) Бұл жетістік дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-интернатының биология пәнінің мұғалімі Эрбен Озканның кәсіпқойлық деңгейінің көрсеткіші екенін айта кеткен жөн.