• Новости

  • Новости

            • Əнші бұлбұлдар

            • Новые фотографии были добавлены в альбом Əнші бұлбұлдар.

              "Жарқын болашақ" қазақ тілі олимпиадасының "Əнші бұлбұлдар" бағытының мектепішілік кезеңі өтті. Жарысқа қатысқандардың тобын жарып, облыстық кезеңге 11-сынып оқушысы Оңалбаев Дəрмен өтті. "Əнші-бұлбұлдарды" Жамал Жәдікқызы бағалады.Жамал Жәдікқызы - Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің "Музыкалық білім" кафедрасының меңгерушісі.

            • Құлыбекова Ақерке ашық сабақ

            • Новые фотографии были добавлены в альбом Құлыбекова Ақерке ашық сабақ.

              Бүгінгі күннің алғашқы сабағын қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Құлыбекова Ақерке әпки, Абай Құнанбайұлы "Ескендір" поэмасы атты ашық сабағын өткізді, оқушылар қызығып, топ болып жарыса сабаққа жақсы қатысты .

            • Қалалық пікір сайыс

            • Новые фотографии были добавлены в альбом Қалалық пікір сайыс.

              20 қаңтар күні Жамбыл обл. «Еркін Пікір» ЖҚБ қолдауымен, Ы. Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, «Үш тұғырлы тіл – болашақтың кілті» тақырыбында қалалық оқушылар арасында пікірсайыс турнирі болып өтті. Аталмыш турнирге қаланың 40-тан астам мектептерінен қатысушылар келіп (облыстық турнир бойынша рекордтық көрсеткіш) қатысты. Сайыс додасына мектеп намысын қорғаған «ЕрЖігіт» фракциясы (Бектас Саурамбаев, Берікболсын Марғұлан) қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленді. Жігіттерді шын жүректен құттықтаймыз, алар белестерің көп болсын!

            • Жәутіков олимпиадасы

            • Новые фотографии были добавлены в альбом Жәутіков олимпиадасы.

              Лес Диас, Кубейев Бауыржан, Баққали Нұрсейіт, Жәутіков олимпиадасында қола медальдан жүлдегер атанып, мектеп–интернатымыздың атын келді, оқушыларымызды құттықтаймыз!

            • UNIST университетi

            • Новые фотографии были добавлены в альбом UNIST университетi.

              Мектебімізге кәсіби бағдар мақсатында мектеп түлегі оңт. Корея мемлекетінің, Ульсан қаласы UNIST университетінен келіп, ізін басып келе жатқан інілеріне институт туралы, ол жақтағы студенттік өмір туралы, және де мамандықтары, жетістіктері, оқу орнына қалай түсуі керектігі, қандай сынақтардан өтуі керектігі туралы көптеген мағлұматтармен бөлісіп, оқушыларымыздың сұрақтарына жауап берді.

            • Облыстық олимпиада

            • Новые фотографии были добавлены в альбом Облыстық олимпиада.

              Кеше Киелі Тараз қаламызда жалпы білім беретін пəндер бойынша облыстық олимпиада өтті. Мектеп-интернатымыздың дарынды оқушылары 9 пəннен қатысып, жүлделі орындарды иеленген мектептердің көшін бастап тұр. Нəтижесінде өрендеріміз 18- алтын, 18- күміс, 17-  қола иеленді. Республикалық кезеңіне жолдама алғандарды құттықтай отырып, 100% жүлдемен оралуларын тілейміз!

      • Контакты

        • Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" лицей-интернаты
        • tarazktl@gmail.com
        • +7 (7262) 45-14-15
        • Сүлейменов, 19
          Тараз / Қазақстан
          Kazakhstan
    • Фотогалерея

      • еще нет данных для отображения