• Новости

  • Новости

            • Қ.Сәтбаев атындағы республикалық олимпиада

            • Биылғы оқу жылындағы Республикалық білім олимпиадаларының легі ГРАН.ПРИ- мен басталды. Жезқазған қаласында 1-2 қараша күндері химия пәні бойынша өткен Қ.Сәтбаев атындағы республикалық олимпиададан 9-сынып оқушысы Қалмахан Нұрзат бас жүлдені иеленді. Нұрзатқа бағындырар белестерің көп болсын демекпіз. Құтты болсын! Ұзағынан сүйіндірсін. Мектеп-интернатымыздың медальдар қоржыны алтындарға тола берсін!!!

            • "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу"

            • Новые фотографии были добавлены в альбом "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу".

              Мектеп-интернатымызда 9-11 сынып оқушыларына арналған "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Мектеп-интернаттың өзін-өзі басқару ұйымының мүшесі, 10 "А" сынып оқушысы Амангелді Әбубәкір өз замандастарына елімізде сыбайлас жемқорлықпен тиімді күрес жүргізу үшін барлық мемлекеттік органдарымен және Қазақстан Республикасы азаматтарымен сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтың алдын алу, жолын кесу бойынша мақсатты бағытталған бірқатар жұмыстардың жүргізіліп жатқаны туралы ақпарат берді. Сондай-ақ, мектеп-интернаттағы "MEDIAClub" мүшелерінің түсірген "Жемқорлыққа жол жоқ" атты мағыналы бейнеролигі көрсетілді. Соңында қатысушылар айтылған мәселелерге байланысты өз көзқарастарын білдіріп, пікірлерін айтты.Атқарылған іс-шара арқылы оқушылардың бойында құқықтық сана және құқықтық мәдениеттің қалыптасатыны сөзсіз.

            • Басты міндет – сапалы қызмет

            • Басты міндет – сапалы қызмет

              Ел Президентінің  жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында  тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру арқылы азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін көтеру  маңыздылығын ерекше атап көрсетіп келеді. Елбасымыздың мемлекеттiк басқарушы оргаңдарының алдына қойған маңызды мiндеттерiнiң бiрi — мемлекеттiк қызмет көрсетудiң қолайлылығы мен сапасын арттыру, мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтерiн мемлекеттiк қызмет көрсетудi тұтынушы халыққа бағдарлау болып табылады.

              Елбасының  айқындап берген  тапсырма, міндеттерін орындау мақсатында 15.04.2013 жылы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы қабылданды.

              Мемлекеттік көрсетілетін қызмет дегеніміз - көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.

              Мемлекеттік қызметтер көрсетудің негізгі қағидаттары:

              - көрсетілетін қызметті алушылардың тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі;

              -   мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен сөзбұйдалық көріністеріне жол бермеу;

              - мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есеп берушілік және ашықтық;

              - мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;

              - мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру;

              - мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі үнемділік және тиімділік.

              Жоғарыда атап өткендей, мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуге міндетті.

              Негізінде көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметтер көрсетуіне қойылатын талаптары және оларды көрсету тәртібі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты мен регламентінде айқындалады.

              Стандарт және регламент дегеніміз не?

              Стандарт дегеніміз - мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарды белгілейтін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінің, нысанының сипаттамаларын, мазмұнын және нәтижесін қамтитын нормативтік құқықтық акт.

              Ал, регламент - мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын сақтау жөніндегі талаптарды белгілейтін және көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің тәртібін, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен, Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық акт болып табылады.

              Еліміздің дамуы қажырлы еңбек пен сапалы қызметті талап етеді. Осыған орай әр істе сапалы қызмет көрсету – еліміздің жарқын болашағына деген нық қадам. Қазіргі таңда мемлекеттік қызмет күннен-күнге дамып, халыққа қолжетімді және тиімді бола түсті. Халықтың көрсетілетін қызмет туралы толық мәлімет ала алады.

                Бүгінгі таңда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінде 739 қызмет түрі бар болса, дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-интернаты мемлекеттік қызметтер көрсету саласында 2 түрімен жұмыс жасайды, олар: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 179 бұйрығымен бекітілген «Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 қарашадағы  № 632 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі.

               «Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.  2016 жылы 1 азаматқа жалпы орта білім тура аттестаттың телнұсқасы берілсе, 2017 жылдың 1 жартыжылдығында 2 азаматқа жалпы орта білім туралы аттестаттың телнұсқасы берілді.

              2017 жылы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу үшін 9 өтініш қабылданды.

              Мектеп-интернатта халықты ақпараттандыру мақсатында мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ақпараттық стенд орнатылған, ресми сайтта қажетті мәліметтер берілген. Онда қызмет алушыға арналған барлық ақпараттар көрсетілген: қызметті көрсету тәртібі, мерзімі, нысаны, нәтижесі, қызмет берушінің жұмыс регламенті, қызмет көрсетуге қажетті құжаттар тізілімі, шағымдану тәртібі және т.б.

              Мектеп-интернат алдағы уақытта азаматтардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған мемлекеттік қызметті жүзеге асыра бермек.

               

               

          • Кіші футболдан турнир
            • Кіші футболдан турнир

            • Астана қаласында "NURORDA" мектеп-лицейінде "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" лицейлері арасында кіші футболдан дәстүрлі республикалық турнир өтіп жатыр. Мектебіміздің атын қорғап жатқан оқушыларымызға сәттілік тілейміз.

      • Контакты

        • Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" лицей-интернаты
        • tarazktl@gmail.com
        • +7 (7262) 45-14-15
        • Сүлейменов, 19
          Тараз / Қазақстан
          Kazakhstan
    • Фотогалерея

      • еще нет данных для отображения