Мектебіміздің 10-11 сынып оқушылары, Есқали Нұрлан, Абрашұлы Айвар, Айтжанов Сұлтанбек, Сейтжанов Нұрсеит Назарбаев Университетінде өткізіліп жатқан "Транспорт саласы бойынша мектеп оқушыларының байқауына" қатысуда. Байқаудан жеңімпаз атанған оқушылар Лондонға 10 күнге жолдама алады.
Новости
Транспорт саласы бойынша мектеп оқушыларының байқауы
Жамбыл облысының әкімі дарынды оқушылармен кездесті
Бүгін облыс әкімдігінің мәжіліс залында облыс әкімі Кәрім Көкрекбаевтың халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың жеңімпаздарымен кездесуі өтті. Кездесуге 85 дарынды
оқушылар, мектеп басшылары және пән мұғалімдері қатысты.
-Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы – білім. Білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт» деп атап
көрсетті. Осы залда отырған дарынды оқушыларымыз биылғы жылы халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда 114 медальді иеленді. Оның ішінде 32 медальді - Халықаралық
білім жарыстарында алғаны бәрімізді қуантады. Республикалық пән олимпиадасы мен ғылыми жоба жарысында облыс командасының 6-шы жыл қатарынан І орынды иеленуі – дарынды оқушыларымызға
берілген лайықты баға деп есептеймін. Сіздер үшін әлемнің және Қазақстанның ең мәртебелі оқу орындарының есігі айқара ашық. Сіздер келешекте нағыз маман атанып, Отанымызға адал қызмет ететін, ұлт
патриоттары боласыздар. Мен сіздерге үлкен сенім артамын,-деді Кәрім Көкірекбаев.
2016-2017 оқу жылында Халықаралық, республикалық пән олимпиадалары мен ғылыми жарыстарға қатысқан 222 оқушының 114-і (51,3%) жеңімпаз атанды (17 алтын, 32 күміс, 65 қола).
Оның 32-і - Халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда, 45-і - Республикалық пән олимпиадаларында, 20-ы - Республикалық ғылыми жобалар жарыстарында,17-і – Республикалық 2-7 сынып
оқушылары арасында өткен «Зерде» ғылыми жобалар жарысында.
Республикалық пәндер олимпиадасының (6-шы жыл қатарынан) және ғылыми жобалар жарысының (5-ші жыл қатарынан) қорытындысы бойынша облыс командасы командалық І-ші орынды иеленіп, «Ең
үздік команда» атанды.
Әсіресе, облыстық дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» мектеп-интернатының оқушылары, Дүниежүзілік олимпиадалардың жүлдегерлері Абрашұлы Айвар, Назарбеков Әлішерді, Отарбаев
Данияр, Серікұлы Нұрасыл, Тұртемір Әділет, Кубейев Бауыржан және т.б. өздерінің терең білімдерімен дараланды.
Кездесу барысында облыс әкімі К.Көкрекбаев дарынды жастарға алғыс жариялап, ноутбуктар, ал жеңімпаз оқушыларды дайындаған 8 мұғалімге Құрмет грамоталарын тапсырды.Дереккөз: Жамбыл облысы әкімдігінің ресми сайты.
Сыңғырла, соңғы қоңырау
Тәрбиешілер күні
Ақтөбе облысы күндері
Ақтөбе облысы күндері альбомына жаңа суреттер жүктелінді.
Ата-аналардың жиналысы.
Мектеп-интернатымызға жаңа қабылданған оқушылардың ата-аналарына мектептің тыныс-тіршілігін таныстырып, жиналыс ұйымдастырылды.