• Новости

  • Новости

            • UNIST университетi

            • Новые фотографии были добавлены в альбом UNIST университетi.

              Мектебімізге кәсіби бағдар мақсатында мектеп түлегі оңт. Корея мемлекетінің, Ульсан қаласы UNIST университетінен келіп, ізін басып келе жатқан інілеріне институт туралы, ол жақтағы студенттік өмір туралы, және де мамандықтары, жетістіктері, оқу орнына қалай түсуі керектігі, қандай сынақтардан өтуі керектігі туралы көптеген мағлұматтармен бөлісіп, оқушыларымыздың сұрақтарына жауап берді.

          • "Домалақ ене" қойылымы
            • "Домалақ ене" қойылымы

            • Мектеп-интернатымыздың оқушылары "Домалақ ене" символикалық драммасын тамашалады. Қойылымдағы тарихи тұлғалар Бәйдібек баба мен Әмір Темір өмір сүрген кезеңнен алынған оқиғалар арқылы оқушылар тарихтың қазынасына кенелді, рухани азық алды. "Тарихын білмеген елдің болашағы бұлыңғыр". Ал біздің көздегеніміз - жарқын болашақтың өкілін тәрбиелеу. Мұндай іс-шаралар арқылы балаларымызды рухани жұтаңдықтан сақтаймыз.   

              РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
              #руханижаңғыру #театр

            • Жамбыл облыстық тарихи - өлкетану музейі

            • Новые фотографии были добавлены в альбом "Жамбыл облыстық тарихи - өлкетану музейі".

              Мектеп - интернатымыздың 7 "А" сынып оқушылары Қазақстан тарихы пәнінің мұғалімімен бірге "Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар" бағдарламасы аясында Жамбыл облыстық тарихи - өлкетану музейіне саяхат жасады. Мақсаты: оқушылардың өз жеріне, еліне, тарихына деген сүйіспеншілігін арттыру. Балалардың қызығушылық танытпаған экспонаттары болмады.

          • "Рухани жаңғыру" аясында өткізілген іс-шара.
            • "Рухани жаңғыру" аясында өткізілген іс-шара.

            • Елбасы Н.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" мақаласында ұсынылған "Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы" жобасының аясында мектеп-интернат ұжымы облысымыздың Т.Рысқұлов ауданынданындағы Ақыртас сарай кешеніне барды. Онда ұжым сарай кешенінің тарихы мен кешен туралы түрлі аңыздармен танысты. Сондай-ақ, құрылыстың алыптығын, кеңдігін, құрылысқа тастарды пайдалану шеберлігін көріп қайтты.

            • Қ.Сәтбаев атындағы республикалық олимпиада

            • Биылғы оқу жылындағы Республикалық білім олимпиадаларының легі ГРАН.ПРИ- мен басталды. Жезқазған қаласында 1-2 қараша күндері химия пәні бойынша өткен Қ.Сәтбаев атындағы республикалық олимпиададан 9-сынып оқушысы Қалмахан Нұрзат бас жүлдені иеленді. Нұрзатқа бағындырар белестерің көп болсын демекпіз. Құтты болсын! Ұзағынан сүйіндірсін. Мектеп-интернатымыздың медальдар қоржыны алтындарға тола берсін!!!

            • Облыстық олимпиада

            • Новые фотографии были добавлены в альбом Облыстық олимпиада.

              Кеше Киелі Тараз қаламызда жалпы білім беретін пəндер бойынша облыстық олимпиада өтті. Мектеп-интернатымыздың дарынды оқушылары 9 пəннен қатысып, жүлделі орындарды иеленген мектептердің көшін бастап тұр. Нəтижесінде өрендеріміз 18- алтын, 18- күміс, 17-  қола иеленді. Республикалық кезеңіне жолдама алғандарды құттықтай отырып, 100% жүлдемен оралуларын тілейміз!

          • БТС I тоқсан
            • БТС I тоқсан

            • Бүгін лицейімізде Білім тексеру сынағының бірінші кезеңі болып өтті. Оқушыларымыздың I тоқсанды үздік қорытындылауына тілектеспіз!

            • Москва халықаралық университеті

            • Новые фотографии были добавлены в альбом Москва халықаралық университеті.

              Бүгін мектеп-интернатымыздың 11 - сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру мақсатымен Москва халықаралық университет өкілі қонақта болды. Қонаққа келу мақсаты оқушыларымызды университет өмірімен, грант иелену жолдарын, университет талаптары және де сапалы білім алу мүмкіндіктеріне қол жеткізу мүмкіндіктерін таныстырды.

            • Облыстық ғылыми-тәжірибелік семинар

            • Новые фотографии были добавлены в альбом Облыстық ғылыми-тәжірибелік семинар.

              «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-интернаты облыстағы жас дарындарды анықтау, олардың қабілетін дамыту, олардың интеллектуалдық потенциалын көтеруге байланысты өз миссиясын орынды атқарып келеді. «Үздік олимпиада» мектебін қалыптастыра алған мектеп-интернаттың жаратылыстану-математикалық пәндерін ағылшын тілінде жүргізу тәжірибесі мектептер арасында қызығушылық туғызуда.Осыған орай 2017 жылғы 22 желтоқсан күні мектеп-интернат базасында «Жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқытудың дидактикалық аспектілері» тақырыбындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік семинар ұйымдастырды.Семинар жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқыту бойынша ғылыми-әдістемелік ақпараттармен және технологиялық құралдармен қамтамасыз етуді мақсат ете отырып, бірқатар міндеттерді жүзеге асырды. Семинарға қатысушылар өз пікірлері мен ойларын ортаға салып, семинар жұмысына қатысты көзқарастарын білдіріп, өте жақсы деген баға берді.

               

          • Транспорт саласы бойынша мектеп оқушыларының байқауы
            • Транспорт саласы бойынша мектеп оқушыларының байқауы

            • Мектебіміздің 10-11 сынып оқушылары, Есқали Нұрлан, Абрашұлы Айвар, Айтжанов Сұлтанбек, Сейтжанов Нұрсеит Назарбаев Университетінде өткізіліп жатқан "Транспорт саласы бойынша мектеп оқушыларының байқауына" қатысуда. Байқаудан жеңімпаз атанған оқушылар Лондонға 10 күнге жолдама алады.

            • Мектепшілік олимпиада

            • Новые фотографии были добавлены в альбом Мектепшілік олимпиада.

              Оқушылардың оқу–танымдық қабілеттерін ынталандыру, пәндік білімдерін тереңдету, ғылымға деген қызығушылығын дамыту, оқушыларды олимпиадаларға қатыстыруға іріктеу және дайындықтарын пысықтау мақсатында, мектепт-интернатымызда мектепшілік олимпиада өткізіліп, қорытындылары шықты. Біз оқушыларымызға сәттілік тілеп, жеңістерден көріне беруін қалаймыз!

          • Ұлттық Біріңғай Тестілеуден облыс бойынша мектебіміздің орташа ұпайы - 103 балл.
            • Ұлттық Біріңғай Тестілеуден облыс бойынша мектебіміздің орташа ұпайы - 103 балл.

            • Ұлттық Біріңғай Тестілеуден облыс бойынша мектебіміздің орташа ұпайы - 103 балл. Мектебімізде ҰБТ-дан жоғары нәтиже көрсеткен оқушыларымыз:

              Жаманқұлов Хамза (мүмкін 140 баллдан 131 балл),

              Нұртазаев Айбек (126 балл),

              Мұхан Диас (123 балл),

              Жаңбырбаев Мұхамеджан (120 балл),

              Жүзімхан Әділхан (118 балл),

              Амантаев Ерасыл (117 балл),

              Жексенқұл Шыңғыс (116 балл),

              Есберген Арнас (114 балл),

              Дабыр Еркебұлан (109 балл),

              Омар Ерасыл (105 балл),

              Мусин Нұрәділ (103 балл),

              Жолдас Асылан (101 балл),

              Сейдазов Балислам (101 балл).

              Түлектерімізге ақ жол, шын ниетпен сәт сапар тілейміз!

          • Жамбыл облысының әкімі дарынды оқушылармен кездесті
            • Жамбыл облысының әкімі дарынды оқушылармен кездесті

            • Бүгін облыс әкімдігінің мәжіліс залында облыс әкімі Кәрім Көкрекбаевтың халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың жеңімпаздарымен кездесуі өтті. Кездесуге 85 дарынды
              оқушылар, мектеп басшылары және пән мұғалімдері қатысты.
              -Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы – білім. Білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт»  деп атап
              көрсетті. Осы залда отырған дарынды оқушыларымыз биылғы жылы халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда 114 медальді иеленді. Оның ішінде 32 медальді - Халықаралық
              білім жарыстарында алғаны бәрімізді қуантады. Республикалық пән олимпиадасы мен ғылыми жоба жарысында облыс командасының 6-шы жыл қатарынан І орынды иеленуі – дарынды оқушыларымызға
              берілген лайықты баға деп есептеймін. Сіздер үшін әлемнің және Қазақстанның ең мәртебелі оқу орындарының есігі айқара ашық. Сіздер келешекте нағыз маман атанып, Отанымызға адал қызмет ететін, ұлт
              патриоттары боласыздар. Мен сіздерге үлкен сенім артамын,-деді Кәрім Көкірекбаев.
              2016-2017 оқу жылында Халықаралық, республикалық пән олимпиадалары мен ғылыми жарыстарға қатысқан 222 оқушының 114-і (51,3%) жеңімпаз атанды (17 алтын, 32 күміс, 65 қола).
              Оның 32-і  - Халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда, 45-і - Республикалық пән олимпиадаларында, 20-ы - Республикалық ғылыми жобалар жарыстарында,17-і – Республикалық 2-7 сынып
              оқушылары арасында өткен «Зерде» ғылыми жобалар жарысында.
              Республикалық пәндер олимпиадасының (6-шы жыл қатарынан) және ғылыми жобалар жарысының (5-ші жыл қатарынан) қорытындысы бойынша облыс командасы командалық  І-ші орынды иеленіп, «Ең
              үздік команда» атанды.
              Әсіресе, облыстық дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» мектеп-интернатының оқушылары, Дүниежүзілік  олимпиадалардың жүлдегерлері Абрашұлы Айвар, Назарбеков Әлішерді, Отарбаев
              Данияр, Серікұлы Нұрасыл, Тұртемір Әділет, Кубейев Бауыржан және т.б. өздерінің терең білімдерімен дараланды.
              Кездесу барысында облыс әкімі К.Көкрекбаев дарынды жастарға алғыс жариялап, ноутбуктар, ал жеңімпаз оқушыларды дайындаған 8 мұғалімге Құрмет грамоталарын тапсырды.

              Дереккөз: Жамбыл облысы әкімдігінің ресми сайты.

            • Кәсіптік бағдар "KIMEP"

            • Новые фотографии были добавлены в альбом Кәсіптік бағдар "KIMEP".

              6 желтоқсан күні мектеп-интернатымыздың 11 - сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру мақсатымен "KIMEP" университет өкілі қонақта болды. Сапарлары барысында оқушыларымызды университет өмірімен, тегін әрі сапалы білім алу мүмкіндіктеріне қол жеткізу жолдарымен таныстырды.

    • Контакты

      • Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" лицей-интернаты
      • tarazktl@gmail.com
      • +7 (7262) 45-14-15
      • Сүлейменов, 19
        Тараз / Қазақстан
        Kazakhstan
  • Фотогалерея

    • еще нет данных для отображения