• Новости

  • Новости

          • Адамдарды жұмыспен қамту - бақыт
            • Адамдарды жұмыспен қамту - бақыт

            • ТОО "SUHAN GROUP" компаниясының құрушысы, лицейіміздің 2000 жылғы түлегі, Қазақ тілінен Облыстық олимпиада жүлдегері - Суxанов Борис ағамыз өткен жұма күні бізде қонақта болып, лицей кезіндегі қызықты оқиғаларын тындармандармен бөлісіп, өз компаниясының жұмысы туралы да айтып берді. Тараз, Атырау Қалаларында филиалдары бар, 2016 жылға 60 адамды жұмыспен қамтамасыздандырған. "Адамдарды жұмыспен қамтамасыздандыру ол - бақыт" екенің басып айтты ағамыз. Кеш қонағына үлкен рақмет!

               

               

          • Халықаралық әйелдер мейрамымен құттықтады. Поздравил международным женским днем!
            • Халықаралық әйелдер мейрамымен құттықтады. Поздравил международным женским днем!

            • 2017.03.04.  Лицейіміздің директоры Ахмет Гази Чолак ата-аналар комитетінің аналар қауымын Халықаралық әйелдер мейрамымен құттықтады.

              -------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

              2017.03.04. Директор лицея Ахмет Гази Чолак поздравил членов прекрасной половины родительского комитета с Международным женским днем!

               

          • "Жарқын болашақ" республикалық олимпиадасының облыстық кезеңінің нәтижесі
            • "Жарқын болашақ" республикалық олимпиадасының облыстық кезеңінің нәтижесі

            • Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы мен «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» Халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен 2017 жылдың 25 ақпанында  облыстық дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ»  мектеп-интернатында жалпы білім беретін оқу орындарының 7-11-сынып оқушылары арасында «Жарқын болашақ» ІХ республикалық «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңі өткізілді. Олимпиадаға облысымыздың 8 ауданынан, Тараз қаласындағы 37 мектептен 248 оқушы қатысты.

              «Жарқын болашақ» олимпиадасының мақсаты:

              • мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту;
              • қазақ халқының мәдени, әдеби және рухани қазыналарын кеңінен насихаттау;
              • оқушылардың шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін, мәдени дүниетанымын дамыту.

                        «Жарқын болашақ» олимпиадасының негізгі міндеттері:

              • оқушылардың қазақ халқының тіліне, әдебиетіне, салт-дәстүрлеріне, тарихына және мәдениетіне деген қызығушылығын арттыру,  қазақ халқының тарихын үйреніп, білуге ынталандыру;
              • тұлғаның өзін-өзі дамытуға және өзіндік қабілеттерін жетілдіруіне жағдай жасау.

                        Республикалық «Жарқын болашақ» олимпиадасының облыстық кезеңі 5 байқауды қамтыды.

              1. «Тілші-әдебиетшілер» байқауы (қазақ тіл білімі мен әдебиеті):
              • Қазақ тілін ана тілі және шет тілі ретінде үйренген оқушылардың қазақ тілі мен әдебиетінен білімін бағалау жарысы.
              • Мақсаты – қазақ тілі мен әдебиетін терең меңгерген оқушыларды ынталандыру.
              1. «Жазушылар» байқауы(жазбаша шығармашылық жұмыс) :
              • Қазақ тілін ана тілі және шет тілі ретінде меңгерген оқушылардың шығармашылық қабілетін бағалау жарысы.
              • Мақсаты – жасөспірімдерді отансүйгіштік, ерлік, қаhармандық рухында тәрбиелеу, жазуға талапты балалардың қабiлет-қарымын ұштау, қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру, шығармашылық ізденіске жұмылдыру.
              1. «Жас ғалымдар» байқауы(ғылыми жоба):
              • Қазақ тілін ана тілі және шет тілі ретінде меңгерген оқушылардың қазақ тілі мен әдебиетіне қатысты бір тақырыпты қазақ тілінде ғылыми тұрғыдан түсіндіру қабілетін бағалау сайысы.
              • Мақсаты – оқушылар арасында қазақ тілі мен әдебиетін насихаттау.
              1. «Сөз шеберлері» байқауы:
              • Қазақ тілін ана тілі және шет тілі ретінде меңгерген оқушылардың қазақ тілінде мәнерлеп оқып, өзіндік қабілетін көрсететін сайысы.
              • Мақсаты – қазақ тілінде мәнерлеп сөйлеуге машықтану, сөздің мәнін жете түсіну, оның табиғатын тану және көркем шығармаларды мәнерлеп, нақышына келтіріп оқу арқылы оқушыны ауызекі сөйлеуге төселдіру.
              1. «Әнші-бұлбұлдар» байқауы:
              • Қазақ тілін ана тілі және шет тілі ретінде меңгерген оқушылардың қазақ тілінде ән айтып, өзіндік қабілетін көрсету сайысы.
              • Мақсаты – қазақ халық әндері мен қазақ сазгерлерінің шығармаларын насихаттау және дарынды қазақ тілі жанашырларын, жас буын өкілдерінің арасынан тілді терең меңгергендігін анықтау, оларды таныту.

              Олимпиаданың қорытындысы бойынша жүлделі орын алғандар:

              «Сөз шеберлері» байқауының қазақ тобы бойынша:

              І орын – Оралбайқызы Нұрай, Б.Момышұлы атындағы № 45 қазақ классикалық гимназиясының 10-сынып оқушысы

              ІІ орын – Нүсіпжанов Ерсұлтан, Тараз қаласындағы № 48 орта мектептің 11-сынып оқушысы

              ІІ орын – Жанысбай Бағдат, Тараз қаласындағы № 14 орта мектептің 7-сынып оқушысы

              ІІІ орын – Амангелді Ержігіт, Тараз қаласындағы № 19 орта мектептің 8-сынып оқушысы

              ІІІ орын – Атабек Арслан, Т.Рысқұлов ауданы, № 2 орта  мектептің 11-сынып оқушысы

              ІІІ орын – Түкежан Шынар, Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы

              ІІІ орын – Оңалбаев Дәрмен, дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы

              ІІІ орын – Махсутов Жанбота, Шу ауданы, Төле би орта мектебінің 8-сынып оқушысы

               

              «Сөз шеберлері» байқауының орыс тобы бойынша:

              І орын – Янфуев Рият, үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектептің 8-сынып оқушысы

              ІІ орын – Мерсавдинова Рузия, Меркі ауданындағы  № 21 орта мектептің 10-сынып оқушысы

              ІІ орын – Қалыбаатырқызы Элнура, Тараз қаласындағы № 31 орта мектептің 9-сынып оқушысы

              ІІІ орын – Губашева Алина, Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы

              ІІІ орын – Өтегенов Мехридин, Жамбыл ауданындағы Б. Момышұлы атындағы орта мектептің

              11-сынып оқушысы

              ІІІ орын – Пряхина Русалина, Тараз қаласындағы № 22 орта мектептің 8-сынып оқушысы

               «Жас ғалымдар» байқауының қазақ тобы бойынша:

              І орын – Рүстембек Аружан, Тараз қаласындағы № 49 мектеп-гимназияның 11-сынып оқушысы

              ІІ орын – Нұрлан Ботагоз, Талас ауданы, А.Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназияның 11-сынып оқушысы

              ІІ орын –Аманбай Мөлдір, Жамбыл ауданы, Айша бибі орта мектебінің 7-сынып оқушысы

              ІІІ орын – Кәдірше Жұлдызай, Жуалы ауданы, Д.Қонаев атындағы орта мектептің, 11-сынып оқушысы

              ІІІ орын – Жүзімхан Әділхан, дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы

              ІІІ орын – Ғани Бекнұр, Шу ауданы, Төле би орта мектебінің 7-сынып оқушысы

              ІІІ орын – Жандарбекова Құралай, ерекше дарынды балаларға арналған мамандандандырылған мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы

               

               

              «Жас ғалымдар» байқауының орыс тобы бойынша:

              І орын – Ким Виолетта, Тараз қаласындағы № 41 гимназияның 9-сынып оқушысы

              ІІ орын – Камилова Лейла, Меркі ауданы, № 44 орта мектептің 9-сынып оқушысы

              ІІІ орын – Мусаева Альбина, Жамбыл ауданы, Айша бибі орта мектебінің 9-сынып оқушысы

              ІІІ орын – Кравченко Галина, ерекше дарынды балаларға арналған мамандандандырылған мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы

               

              «Әнші-бұлбұлдар» байқауының қазақ тобы бойынша:

              І орын – Молдиярбеков Дархан, Тараз қаласындағы № 36 орта мектептің 8-сынып оқушысы

              ІІ орын – Оразқұл Бүркіт, Меркі ауданындағы № 17 орта мектептің 11-сынып оқушысы

              ІІ орын – Шухратова Алина, Тараз қаласындағы № 12 мектеп-гимназияның 9-сынып оқушысы

              ІІІ орын – Мубарханова Дана, Тараз қаласындағы № 14 орта мектептің 7-сынып оқушысы

              ІІІ орын – Тилегенова Шапағат, Тараз қаласындағы № 48 орта мектептің 5-сынып оқушысы

              ІІІ орын – Аман Аяулым, Шу ауданындағы Төле би орта мектебінің 11-сынып оқушысы

               

              «Әнші-бұлбұлдар» байқауының орыс тобы бойынша:

              І орын – Цхай Надежда, Тараз қаласындағы № 40 гимназияның 11-сынып оқушысы

              ІІ орын – Ли Ольга, Байзақ ауданындағы Ғ.Мұратбаев атындағы мектеп-гимназияның 8-сынып оқушысы

              ІІ орын – Нурова Сибора, Тараз қаласындағы № 34 орта мектептің 7-сынып оқушысы

              ІІІ орын – Остапенко Виктория, Тараз қаласындағы № 41 гимназияның 9-сынып оқушысы

              ІІІ орын – Поберезкина Ангелина, Тараз қаласындағы № 22 орта мектептің 9-сынып оқушысы

              ІІІ орын – Фазлиев Жұмали, Жамбыл ауданы, Шайқорық орта мектебінің 9-сынып оқушысы

               

              «Жазушылар» байқауының қазақ тобы бойынша:

              І орын – Рахметулла Дамир, дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы

              ІІ орын – Құдайқұл Айнұр, Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы

              ІІ орын – Құрмаш Жанель, ерекше дарынды балаларға арналған мамандандандырылған мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы

              ІІІ орын – Берікқара Аяулым, Тараз қаласындағы № 32 орта мектептің 8-сынып оқушысы

              ІІІ орын – Желеу Камила, Қордай ауданынан 10-сынып оқушысы

              ІІІ орын – Әбдіпайыз Таңшолпан, Талас ауданындағы, Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінің 9-сынып оқушысы

               

              «Жазушылар» байқауының орыс тобы бойынша:

              І орын – Замирбекқызы Айпери, Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы

              ІІ орын – Шамишева Сафина, үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектептің 9-сынып оқушысы

              ІІ орын – Перзентбай Дильнур, Т.Рысқұлов ауданындағы Ақтоған орта мектебінің 9-сынып оқушысы

              ІІІ орын – Гасанова Назира, Жамбыл ауданы, Б.Бесбаев атындағы орта мектебінің 10-сынып оқушысы

               

               

              «Тілші-әдебиетшілер» байқауының қазақ тобы бойынша:

              І орын – Нышанбай Шерхан, дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ»  мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы

              ІІ орын – Кәрібекова Ақерке, Сарысу ауданы, Д.Сенбин атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы

              ІІ орын – Есенбек Мөлдір, Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы

              ІІІ орын – Сәрсенбаева Айдана, Т. Рысқұлов ауданы, Т. Рысқұлов атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы

              ІІІ орын – Әбдіқұл Ақбота, Тараз қаласындағы Б.Момышұлы атындағы № 45 қазақ классикалық гимназиясының 11-сынып оқушысы

              ІІІ орын – Абдихаликов Олжас, Тараз қаласындағы № 27 орта мектептің 11-сынып оқушысы

               

              «Тілші-әдебиетшілер» байқауының орыс тобы бойынша:

              І орын – Ибрагимова Ахида, Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы

              ІІ орын – Азизова Альбина, Тараз қаласындағы № 34 орта мектептің 10-сынып оқушысы

              ІІ орын – Хакимова Холида, Тараз қаласындағы № 31 орта мектептің 11-сынып оқушысы

              ІІІ орын – Арипжанова Шахноза, үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектептің 11-сынып оқушысы

              ІІІ орын – Абдухаметова Динара, Тараз қаласындағы № 13 орта мектептің 11-сынып оқушысы

              ІІІ орын – Ги Светлана, Тараз қаласындағы № 40 гимназияның 11-сынып оқушысы

               

                          Республикалық «Жарқын болашақ» олимпиадасының облыстық кезеңінің қорытындысы негізінде бес байқау бойынша өнер көрсеткен жеңімпаздар олимпиада медальдарымен және облыстық білім басқармасының дипломдарымен марапатталды. Сондай-ақ жеңімпаз атанған мектеп оқушыларын жоғары деңгейде дайындаған пән мұғалімдері облыстық білім басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.

               

          • Физикадан мұғалімдердің республикалық олимпиадасының нәтижесі
            • Физикадан мұғалімдердің республикалық олимпиадасының нәтижесі

            • 2017 жылдың 15-16 ақпан аралығында ҚР Білім және Ғылым Министрлігі мен "Дарын" ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен физикадан мұғалімдердің республикалық олимпиадасына қатысып, жүлделі

              І орынды иеленген мектебіміздің физика пәнінің мұғалімі Жумадилов Ержан

          • "Жарқын болашақ" республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі
            • "Жарқын болашақ" республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі

            • Мектебімізде ұйымдастырылып жатқан "Жарқын болашақ" республикалық олимпиадасының облыстық кезеңіне Жамбыл облысынан 246 оқушы қатысуда. 

              Жарқын болашақ” республикалық KATEV қазақ тілі олимпиадасы 5 бағыттан тұрады. Олимпиадада қазақ тілі грамматикасы, қазақ әдебиеті, мәнерлеп оқу, қазақ әндерін орындау, қазақ ақын-жазушыларының шығармаларын насихаттау және қазақ халқының ұлттық құндылықтарына қатысты түрлі ғылыми жобалар қорғау секілді бағыттар қамтылған.

               

          • Ашу дұшпан ақыл дос
            • Ашу дұшпан ақыл дос

            • Мектебіміздегі "Өзін өзі басқару" ұйымының президенті, 11-сынып оқушысы Жүзімхан Әділхан Қазақстан Тараз телеарнасының "Қайырлы таң, Әулие ата!" бағдарламасында қонақта болды.

          • Ашу дұшпан ақыл дос
            • Ашу дұшпан ақыл дос

            • Қазақстан Тараз телеарнасының Қайырлы таң, Әулие ата! бағдарламасында мектебіміздің психологы Бесбаева Эльвира қонақта болды.

          • Kazakhstan Robotics Challenge 2017 олимпиадасының нәтижесі
            • Kazakhstan Robotics Challenge 2017 олимпиадасының нәтижесі

            • Қуанышты хабар достар! Елордамыз Астанада өткен Kazakhstan Robotics Challenge олимпиадасында оқушыларымыз ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАР иеленді.
              АЛТЫН:     Қабарбек Исағали
                                   Расылбек Тамирлан
              КҮМІС:     Нұрғазы Темірлан
                                 Егембердиев Жәнібек
              ҚОЛА:    Сағділда Еркін
                              Смайыл Алдияр

              ОҚУШЫЛАРЫМЫЗДЫ ЖЕҢІСТЕРІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

          • Туған мектепке тағзым
            • Туған мектепке тағзым

            • Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Туған мектепке тағзым!» атты облыстық акциясының аясында бүгін лицейіміздің 2000 жылғы түлегі, USTUDY аймақтық тестілеу орталығы желісінің бас директоры – Жанат Рахманимен кездесу өтті. Кездесу жиынының соңында Жанат Рахманұлы өзі білім алып, ұлағатты ұстаздарының тәлімі мен тәрбиесін көрген алтын ұя білім ордасына робот жасауға арналған «Lego Mindstorms Education EV3» модельді заманауи технологиясының 4 данасын табыс етті.

          • Дарынды жастар - ел болашағы
            • Дарынды жастар - ел болашағы

            • 2017 жылдың 22-28 қаңтар күндері Жапонияның Токио қаласында «Сакура» ғылыми алмасулар бағдарламасы аясында өткен оқу-жаттықтыру жиынына Қазақстанның 10 оқушысынан тұратын топ қатысып, жетекші ғалымдардың лекцияларын тыңдады, заманауи зертханалардың қызметімен танысты. 
              Лицейіміздің физика пәнінен халықаралық олимпиадалардың 6 дүркін, республикалық олимпиадалардың 5 дүркін жеңімпазы, 2016 жылдың шілде айында Швейцария мемлекетінің Цюрих қаласында өткен 47-ші Дүниежүзілік физика олимпиадасында қола медаль иегері атанған 11-сынып оқушысы Абрашұлы Айвар да Еліміздің дарынды жастарының өкілі ретінде аталған бағдарламаға қатысып, «Сакура» ғылыми клубының мүшесі деген сертификатты иеленді.


               

          • Кешкі кездесу
            • Кешкі кездесу

            • Лицейіміздің 200 жылғы түлегі Шымкент қаласындағы ВТБ Банкінің директоры Ибраимов Рамазанмен кешкі кездесу ерекше болып өтті. "Бизнесмен боламын" деген баланың Рамазан белін буып берді". Кездесуде 9, 10-сынып оқушыларымен іскерлік қарым-қатынас құру, ондағы ескерілетін жайттар туралы ойлар талқыланды. Сондай-ақ, Рамазан өзінің бүгінгі күнгі қол жеткізген жетістіктері туралы айтып, тәжірибесімен бөлісті.

          • Білімді мыңды жығар
            • Білімді мыңды жығар

            • 2017 жылдың 4-10 ақпан аралығында Оңтүстік Кореяның Дэджон қаласында өткен Халықаралық «Жас ғалым» атты ғылыми жоба байқауында лицейіміздің 10-сынып оқушысы Нұржасаров Қорған "Проектирование автономного робота для развития информационной базы робототехники в средних школах" тақырыбындағы жобасын ағылшын тілінде қорғап, І орынға ие болды. Қорған өз жобасы арқылы елімізде робототехника саласының дамуына өз үлесін қосуда. Жас ғалымға биік шыңдардан көрінуді тілейміз.

          • Қарттарым – асыл қазынам
            • Қарттарым – асыл қазынам

            • «Өзін-өзі тану – махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты өзін өзі тану пәнінің онкүндігіне орай лицейіміздің оқушылары қарттар үйіне «Қарттарым – асыл қазынам» атты концерттік бағдарлама өткізді.
              Мақсаты: оқушыны бойына халқымыздың асыл қадір-қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлай білуге, өз ата бабасын ұмытпай есте сақтау үшін және салт-дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, мейірімділікке, жаман мен жақсыны ажырата білуге, аталы сөздер ғибрат алуға тәрбиелеу.

          • SAT емтиханынан ЕҢ ЖОҒАРҒЫ КӨРСЕТКІШ
            • SAT емтиханынан ЕҢ ЖОҒАРҒЫ КӨРСЕТКІШ

            • Лицейіміздің 11-сынып оқушысы Абрашұлы Айвар Халықаралық #SAT_subject_test емтиханынана қатысып математикадан 800, физикадан 800 бал жинады. БҰЛ ЕҢ ЖОҒАРҒЫ КӨРСЕТКІШ. Лицейіміздің осындай жетістіктері еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналады.

    • Контакты

      • Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" лицей-интернаты
      • tarazktl@gmail.com
      • +7 (7262) 45-14-15
      • Сүлейменов, 19
        Тараз / Қазақстан
        Kazakhstan
  • Фотогалерея

    • еще нет данных для отображения