• Новости

  • Новости

            • "Туған жерге тағзым" атты ән байқауы

            • Новые фотографии были добавлены в альбом "Туған жерге тағзым" атты ән байқауы.

              Мектеп - интернатымызда 21-қараша күні Рухани жаңғыру бағдарламасының аясында "Туған жерге тағзым" атты оқушылардың бойына, еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру мақсатында ән-күй байқауы өтті. Сайыста: Орынбасар Бекұлан 7 "Б" сыныбы - "Бас жүлде" , Әлі Айбар 7 "Б" сыныбы - І орынды, Қалмаханбетов Рауан 9 "А" сыныбы - ІІ орынды, Сабыров Бекзат 9 "С" - ІІІ орынды иеленді.

          • KAIST институтының студенті, түлегіміз Орынбасар Жантөремен кездесу.
            • KAIST институтының студенті, түлегіміз Орынбасар Жантөремен кездесу.

            • Әлемдегі белді жоғарғы оқу орындарының бірі Оңтүстік Кореядағы - KAIST. Мектебіміздің түлегі, осы оқу орнының студенті Орынбасар Жантөре, ізін басып келе жатқан інілеріне институт туралы, ол жақтағы студенттік өмір туралы, және де мамандықтары, жетістіктері, оқу орнына қалай түсуі керектігі, қандай сынақтардан өтуі керектігі туралы көптеген мағлұматтармен бөлісіп, оқушыларымыздың сұрақтарына жауап берді.

            • ХІV xалықаралық ғылыми олимпиада

            • Новые фотографии были добавлены в альбом ХІV xалықаралық ғылыми олимпиада.

              Желтоқсан айының 3-12 аралығында Нидерланды мемлекетінде өткен жасөспірімдердің ХІV xалықаралық ғылыми олимпиадасында мектеп-интернатымыздың 10 А сынып оқушысы Лес Диас қола медаль иеленді. Талабы таудай болып, әлем аренасында еліміздің беделін асқақтата берсін. Білімің шыңдалып, биіктерден көрін,Диас! Дарынды ұстаздарымыз шаршамасын!

            • Шеберлік сабақтары

            • Новые фотографии были добавлены в альбом Шеберлік сабақтары.

              Мектеп - интернатымызда "Математика пәнінен оқытудың тиімді техналогиялары" Орыс тілі мен ағылшын тілі пәні мұғалімдері "Оқытудағы тәсілдерді өзгерту көптілді білім беруді қамтамасыз етудің негізі ретінде" тақырыптары бойынша шеберлік сабақтары болып өтті.

            • «ЮНЕСКО Клубы» мәртебесі

            • Новые фотографии были добавлены в альбом «ЮНЕСКО Клубы» мәртебесі.

              KazFUCA Президенті Ақшолақов Б.У. барлық «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп - интернат директорларына «ЮНЕСКО Клубы» мәртебесіне ие болғандарын растайтын сертификаттарын салтанатты түрде тапсырды. Бізде бұл сүйінші хабарымызбен бөлісеміз!

          • Биологиядан Халықаралық қашықтық олимпиадасы
            • Биологиядан Халықаралық қашықтық олимпиадасы

            • Канада еліндегі "Торонто" университеті ұйымдастырған биология пәнінен кезекті Халықаралық қашықтық олимпиадасы өтті. Олимпиадаға Канада мемлекетінің қатысушыларын есепке алмағанда, басқа мемлекеттердің 80  мектебінен 63 команда, 1250 оқушы қатысқан. Қатысушылар арасында біздің «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-интернатының оқушылары қатысып, алғашқы 60 оқушылардың қатарынан көрінді. Олар: 11-сынып оқушылары – Назарбеков Алишер, Отарбаев Данияр (27 - Дүниежүзілік биология олимпиадасының қола медаль иегері, 2016 ж.) , 9-сынып оқушысы – Тұртемір Әділет (биология пәнінен 2017 жылғы Республикалық олимпиаданың алтын медаль иегері). Нәтижесінде мектеп-интернатымыз  халықаралық деңгейдегі алғашқы 15 мектептің арасында 6 орында тұр.

            • Тәуелсіздік құндылықтары: өткенге тағзым, болашаққа аманат

            • Новые фотографии были добавлены в альбом Тәуелсіздік құндылықтары: өткенге тағзым, болашаққа аманат.

              Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ұйымдастыруымен "Тәуелсіздік құндылықтары: өткенге тағзым, болашаққа аманат" тақырыбындағы облыстық ғылыми тәжірибелік конференцияда мектеп-интернатымыздың директоры Ахмет Гази мырза "ТӘУЕЛСІЗ ЕЛ ТІРЕГІ - БІЛІМДІ ҰРПАҚ" тақырыбында баяндама оқыды. Баяндамасында бүгінгі күнге дейінгі жетістіктерді айта отырып, мектебіміздің тәжірибесінде іске асырылып жүрген SMART, STEM білім беру жүйелерінің нәтижелерін көрсетті.

            • Елжас Ертайұлының «Бақытты отбасы» семинары

            • Новые фотографии были добавлены в альбом Елжас Ертайұлының «Бақытты отбасы» семинары.

              Мектеп - интернатымызда 25 қараша күні «Бақытты отбасы» отбасылық кеңес орталығы бала тәрбиесіне ЕРЕКШЕ көңіл бөлетін әке-шешелер мен ата-әжелерді семинарға шақырып!!! Семинарында төмендегі мәселелерді қарастырды: • «Бала тәрбиесі» ұғымына жаңа көзқарас қалыптастыру; • Балаларымыздың біздің қалауымызға сай болмай, өзгеше әрекет етуінің басты себептері; • «Күшті ата-ана» ұғымы және балаға әсері; • «Әлсіз ата-ана» ұғымы және балаға кері әсері; • «Мақтаншақ ата-ана» ұғымы және балаға әсері; • «Өзімшіл ата-ана» ұғымы және балаға кері әсері; • «Уайымшыл ата-ана» ұғымы және балаға әсері; • «Тергеуші ата-ана» ұғымы және балаға әсері; Семинардан кейін ата-ана ретінде өздеріне баға беріп, баламен қарым-қатынастарында оң бағытта өзгерістер жасайтын ата – аналар көбейді деген сенімдеміз! Семинар жүргізген: Отбасылық кеңесші, тәжірибелі педагог, коуч-тренер Елжас Ертайұлы.

          • Ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы
            • Ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы

            • 12 мамыр 2017. Елімізде ҚР Білім және Ғылым министрлігінің бастауымен ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы өтті. 

              Ата-аналар жиналысының жұмысына Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының басшысы Құрманбекова Сұлушаш Сәтбекқызы қатысты. Жиналыста мектеп-интернаттағы Қамқоршылық кеңестің қызметі,  демеушілік пен қайырымдылық,  жаңа форматтағы ҰБТ және мектеп түлектеріне арналған іс-шаралардың ұйымдастырылуы туралы мәселелер қаралып, ҚР Білім және ғылым министрлігі дайындаған бейнероликтер көрсетілді.  Жиналыс барысында ата-аналар  жаңартылған білім беру мазмұны туралы өздерінің ойларын айтып, пікірлерімен бөлісті.

            • Тұңғыш президент күнімен құттықтау!

            • Новые фотографии были добавлены в альбом Тұңғыш президент күні.

              1 желтоқсан Тұңғыш президент күнімен құттықтау! Мектеп - интернатымызда 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай "Елбасы жолы" туралы терең мағлұмат беріліп, әндері жырланды. Мектеп – интернатымыздың жалынды, дарынды жастары қатарластарына үндеу жолдады. Соңында « Өрлеу» БАҰО Педагогикалық қызыметкерлердің біліктілігін арттыру институтынан келген қонақтар жылы лебізбен білдіріп, алғыс айтты.

          • Ата-аналардың жиналысы.
            • Ата-аналардың жиналысы.

            • Мектеп-интернатымызға жаңа қабылданған оқушылардың ата-аналарына мектептің тыныс-тіршілігін таныстырып, жиналыс ұйымдастырылды.

               

          • КӨК ТУДЫҢ ЖЕЛБІРЕГЕНІ
            • КӨК ТУДЫҢ ЖЕЛБІРЕГЕНІ

            • М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің "Жастар сарайында" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздерінің 25 жылдығына орай ҚР "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауераты, әнші, композитор Ибрагимов Ескендірдің @ibragim_eskendir "КӨК ТУДЫҢ ЖЕЛБІРЕГЕНІ" атты патриоттық концерті болды.

            • Тәуелсіздік күні

            • Новые фотографии были добавлены в альбом Тәуелсіздік күні.

              Тәуелсіздік күніне орай мектеп-интернаымызда концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болғай.

            • "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу"

            • Новые фотографии были добавлены в альбом "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу".

              Мектеп-интернатымызда 9-11 сынып оқушыларына арналған "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Мектеп-интернаттың өзін-өзі басқару ұйымының мүшесі, 10 "А" сынып оқушысы Амангелді Әбубәкір өз замандастарына елімізде сыбайлас жемқорлықпен тиімді күрес жүргізу үшін барлық мемлекеттік органдарымен және Қазақстан Республикасы азаматтарымен сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтың алдын алу, жолын кесу бойынша мақсатты бағытталған бірқатар жұмыстардың жүргізіліп жатқаны туралы ақпарат берді. Сондай-ақ, мектеп-интернаттағы "MEDIAClub" мүшелерінің түсірген "Жемқорлыққа жол жоқ" атты мағыналы бейнеролигі көрсетілді. Соңында қатысушылар айтылған мәселелерге байланысты өз көзқарастарын білдіріп, пікірлерін айтты.Атқарылған іс-шара арқылы оқушылардың бойында құқықтық сана және құқықтық мәдениеттің қалыптасатыны сөзсіз.

          • Дарынды жастар - ел болашағы
            • Дарынды жастар - ел болашағы

            • Дарынды жастар - ел болашағы.
              Кезекті Халықаралық Менделеев олимпиадаcынан Серік Нұрасыл (11-сынып) - күміс медаль, Жанысбай Бекзат (10-сынып) - қола медаль иемденіп Қазақстанның атағын қорғады.
              Астана қаласында 23-30.04.2017 аралығында өткен 51-і Халықаралық Менделеев олимпиадаcына (ХМО, International Mendeleev Olympiad, IMO) жалпы саны 22 құрама команда қатысты. Олардың ішінде Ресей, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Болгария, Венгрия, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Латвия, Литва, Молдова, Румыния, Сауд Арабия, Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстан, Украина, Түркия, Нигерия, Монғолия, Израиль мемлекеттерінің ұлттық химия олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері бар. 
              Олимпиада үш кезең бойынша өтті: екі кезең теориялық және біреуі практикалық кезең.
              Жеңімпаздарға басты жүлделерден бөлек Ресейдің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының бірінші курсына емтихансыз қабылдануына мүмкіндік берілді. 

            • Басты міндет – сапалы қызмет

            • Басты міндет – сапалы қызмет

              Ел Президентінің  жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында  тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру арқылы азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін көтеру  маңыздылығын ерекше атап көрсетіп келеді. Елбасымыздың мемлекеттiк басқарушы оргаңдарының алдына қойған маңызды мiндеттерiнiң бiрi — мемлекеттiк қызмет көрсетудiң қолайлылығы мен сапасын арттыру, мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтерiн мемлекеттiк қызмет көрсетудi тұтынушы халыққа бағдарлау болып табылады.

              Елбасының  айқындап берген  тапсырма, міндеттерін орындау мақсатында 15.04.2013 жылы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы қабылданды.

              Мемлекеттік көрсетілетін қызмет дегеніміз - көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.

              Мемлекеттік қызметтер көрсетудің негізгі қағидаттары:

              - көрсетілетін қызметті алушылардың тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі;

              -   мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен сөзбұйдалық көріністеріне жол бермеу;

              - мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есеп берушілік және ашықтық;

              - мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;

              - мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру;

              - мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі үнемділік және тиімділік.

              Жоғарыда атап өткендей, мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуге міндетті.

              Негізінде көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметтер көрсетуіне қойылатын талаптары және оларды көрсету тәртібі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты мен регламентінде айқындалады.

              Стандарт және регламент дегеніміз не?

              Стандарт дегеніміз - мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарды белгілейтін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінің, нысанының сипаттамаларын, мазмұнын және нәтижесін қамтитын нормативтік құқықтық акт.

              Ал, регламент - мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын сақтау жөніндегі талаптарды белгілейтін және көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің тәртібін, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен, Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық акт болып табылады.

              Еліміздің дамуы қажырлы еңбек пен сапалы қызметті талап етеді. Осыған орай әр істе сапалы қызмет көрсету – еліміздің жарқын болашағына деген нық қадам. Қазіргі таңда мемлекеттік қызмет күннен-күнге дамып, халыққа қолжетімді және тиімді бола түсті. Халықтың көрсетілетін қызмет туралы толық мәлімет ала алады.

                Бүгінгі таңда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінде 739 қызмет түрі бар болса, дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-интернаты мемлекеттік қызметтер көрсету саласында 2 түрімен жұмыс жасайды, олар: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 179 бұйрығымен бекітілген «Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 қарашадағы  № 632 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі.

               «Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.  2016 жылы 1 азаматқа жалпы орта білім тура аттестаттың телнұсқасы берілсе, 2017 жылдың 1 жартыжылдығында 2 азаматқа жалпы орта білім туралы аттестаттың телнұсқасы берілді.

              2017 жылы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу үшін 9 өтініш қабылданды.

              Мектеп-интернатта халықты ақпараттандыру мақсатында мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ақпараттық стенд орнатылған, ресми сайтта қажетті мәліметтер берілген. Онда қызмет алушыға арналған барлық ақпараттар көрсетілген: қызметті көрсету тәртібі, мерзімі, нысаны, нәтижесі, қызмет берушінің жұмыс регламенті, қызмет көрсетуге қажетті құжаттар тізілімі, шағымдану тәртібі және т.б.

              Мектеп-интернат алдағы уақытта азаматтардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған мемлекеттік қызметті жүзеге асыра бермек.

               

               

          • Жас роботехниктеріміз World Robotics Olymiad республикалық кезеңіне жолдама алды
            • Жас роботехниктеріміз World Robotics Olymiad республикалық кезеңіне жолдама алды

            • 29.04.2017. 
              Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өткен WRO кезекті робототехника олимпиадасының облыстық кезеңіне мектебімізден 5 команда қатысып, 4-і жүлделі орын иеленді. «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейіміздің намысын қорғаушылар: 
              Смайл Алдияр, Расылбек Тамерлан, Сағаділдә Еркін, Ақпар Азамат - I орын, 
              Нұрғазы Темірлан, Аскаров Бекзот - II орын, 
              Садвакасов Әлібек, Рысбаев Мерей - III орын иеленді. 
               Жігіттерді жеңістерімен құттықтаймыз!

    • Контакты

      • Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" лицей-интернаты
      • tarazktl@gmail.com
      • +7 (7262) 45-14-15
      • Сүлейменов, 19
        Тараз / Қазақстан
        Kazakhstan
  • Фотогалерея

    • еще нет данных для отображения